«Марқұм әйелімнің жылуы маған өмірімнің соңына дейін жетеді»: Медеу Арынбаев көз жасына ерік берді

Бүгін, 02:20 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Елімізге белгілі әнші Медеу Арынбаев марқұм әйелі туралы естеліктерін айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, әйелінің беріп кеткен қуаты өмірінің соңына дейін жететіді.

«Мен өмірдегі ең бақытты адаммын. Өйткені Айгүлім осындай ұлым мен қызымды сыйлап, тапсырып кеткен. Балаларымның тілегін білемін ғой. Одан артық бақыт бар ма? Сағым сынбай, осындай ұл мен қызды тәрбиелеу қолымнан келіп жатса, одан артық бақыт бар ма?

Бірақ мен ойымнан қайтпаймын. Тұрақтылықты жақсы көремін. Сынып кетуіме хақым жоқ. Өйткені, Айгүлдің маған беріп кеткен шуағы, қуаты маған өмірімнің аяғына дейін жететін сияқты. Әлі есімде, мынаны айтатын, «біздің балаларымыз ешқашан қиналмайды, мен көрген қиындықты бұлар көрмейді, оны білемін, сенемін», деп маған өсиет сияқты қайта-қайта айта беретін.

Сол қуатпен, сол энергетикамен әлі күнге дейін келе жатқан сияқтымын. Осыдан кейін қалай сынамын?!» - деген Медеу Арынбаевтың жанары жасқа толып кетті.

Айта кетейік, Медеу Арынбаевтың жұбайы 2011 жыл өмірден өткен.