«Қайда жүрсе де шешесі қасынан қалмайды»: Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

17 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Қайрат Нұртас шетелге анасымен бірге қыдыруға барып, елдің қатаң сынына ұшырады.

Продюсер бұл жолы үлкен ұлы Қайрат Нұртаспен шетелге шығып, демалуды жөн көрген.

“Біраз тірліктерімізді бітіріп, кездесулермен қатар демалып та үлгердік. Керемет демалыс орнына алғысымыз шексіз. Қырғызстан, Ташкент, Ресей жақтың 5 қаласы күтіңіздер! Біз сіздерге барамыз”, – деп жазды ол.

Көпшілік Айдарбекованың бұл әрекетін сынға алды.

“Қайратты отбасынан ажыратпауы керек. Қызғансаң да, қимасаң да оның отбасы бар. Ән сапардан келгенде әйелі күтіп алмай ма?!”, “Бәріне Гүлзира кінәлі емес”, “Жұлдызбен неге бармайды”, “Қайратты кейде аяп кетемін”, “Қайда жүрсе де шешесі қалмайды”, – деп жазды көпшілік.