Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы бесінші ойынын бүгін Чехияға қарсы өткізді.
Кездесу барысында чехиялық хоккейшілер алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде 5-минутта олардың қатарынан Матей Странски есеп ашса, одан кейін Якуб Флек 21, Матей Странски 32, Роман Червенка 37, Адам Клапка 41-минутта басымдықты арттыра түсті.
Ел құрамасынан 47-минутта Вячеслав Колесников есеп айырмасын қысқартса, Роман Червенка 53, 55, Адам Клапка 59-минутта тағы үш гол соқты.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:8 есебімен есе жіберді.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германияға (1:4), Мажарстанға (2:4), Данияға (1:5) есе жіберді.
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 18 мамырда АҚШ құрамасына қарсы өткізеді.
Сондай-ақ А тобында Франция Швециядан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.