Теннисші Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

17 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зарина Диас қытайлық Мэйлин Ванмен кездесті. Ойын 2 сағат 16 минутқа созылды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Заринаның финалдағы қарсыласы жапониялық Аяно Шимицу болмақ.