Атырау облысы Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адам өзінің 12 жастағы өгей қызын 2018 жылдан бері жүйелі түрде азғындық әрекеттерге мәжбүрлеп келген. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бес жылға созылған қорлық
Қыздың айтуынша, зорлық-зомбылық анасы перзентханаға кеткен уақытта басталған. Анасы үйде болмаған күндері өгей әке түрлі қорқыту, психологиялық қысым арқылы баланы үнсіз қалуға мәжбүрлеген.
«Ешкім сенбейді, айтсаң анаң сені қуып жібереді» деген сөздер қызды ұзақ уақыт бойы үрейде ұстаған. Тек 17 жасқа толғанда ол басынан өткен ауыр жайтты туысының біріне айтып, шындықты ашуға батылы барған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр
Полиция деартаменті не дейді?
Атырау облыстық полиция департаменті берген мәліметке сәйкес, қылмыстық кодекстің 124-бабы («Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер») бойынша іс қозғалған.
«Атырау қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған азғын әрекеттер туралы шағым түсірді. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», – деді полиция департаменті өкілдері.