Елімізде азық-түлік бағасы өсті

Бүгін, 11:41 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Сәуірде елдегі жылдық инфляция қарқындап, 10,7%-ды құрады.

Ұлттық банктің мәліметінше, жеделдеу 18 өңірде, ал баяулау бір өңірде тіркелген. Сондай-ақ бір өңірде инфляция бұрынғы деңгейде қалды.

Жылдық инфляцияның ең жоғары деңгейі Астанада тіркелді – 13,8%.

Сәуірде азық-түлік бағасы 8,5%-ға дейін өсті. Осы топтағы тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Ақмола облысында – 11,2%-ға, ал ең төменгісі – Қызылорда облысы мен Алматы қаласында – 6,8%-дан байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсу қарқыны сәуірде 8,9%-ға дейін баяулады. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында – 14,8%, ең төменгі Павлодар облысында – 5,9% деңгейінде тіркелді.

Сәуірде ақылы қызметтердің бағасы 15,7%-ға дейін өсті. Олардың ең қымбаты Алматыда – 20%, ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысында – 8,6%.

Сәуір айында елдегі айлық инфляция 1,2%-ға өсті.