Қор биржасында доллар арзандады

16 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 509,51 теңгені құрады. Осылайша бір теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 510,58 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 512,03 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 514,63 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, кеше доллар 4,06 теңгеге көтерілген болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа қор