Жүзуші Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты

16 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Жүзуден Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Әділбек Мусин рекордты жаңартты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықта еліміздің үздік нәтижесін жаңартты.

Қазіргі уақытта Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Мусин 23,36 секунд нәтиже көрсетті. Бұған дейінгі рекорд та Әділбекке тиесілі болатын – 23,40 секунд.

Айта кетейік, Әділбек Мусин жүзуден ҚР чемпионатында 50 және 100 метр қашықтықтарда баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.

Тэгтер:

Қазақстан Әділбек Мусин рекорд Жүзу