Көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

16 мамыр, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

16 мамырда Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жекелей бағдарлама бойынша Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова медаль үшін бақ сынайды.

Топтық жаттығуларда еліміздің намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғайды.

Азия чемпионаты 18 мамырда аяқталады.

Тэгтер:

Медаль Азия чемпионаты Көркем гимнастика