Қостанай қалалық соты Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жол апатына себепші болған азаматтан шығынды өндіру туралы талап арызын қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2024 жылғы тамыз айында жауапкер көлік жүргізіп келе жатып, жүріп келе жатқан локомотивпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде талапкерге тиесілі тепловоз техникалық зақымданған.
Сот автокөлік иесін жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Тепловозды қалпына келтіру жұмыстары бойынша жасалған шартқа сәйкес, талапкерге 175 000 теңге мөлшерінде шығын келген.
Жауапкерден талапкердің пайдасына залал мен сот шығындары жалпы сомасы 180 000 теңге өндірілді.