Түркістан тұрғыны тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға құлап кеткен

16 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылындағы базар аумағында 56 жастағы ер адам тереңдігі 4 метр болатын құрылыс шұңқырына құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Құтқарушылар көмекке асығып, зардап шегушіні шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Белгілі болғандай, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам абайсызда шұңқырға құлаған.

Тэгтер:

Түркістан облысы құрылыс щұңқыр