Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup сериясының кезеңі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарыстың алғашқы іріктеу күнінде Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды. Ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінде Зейнолла Ыдырысов үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Ол төрешілердің шешімімен 14,233 ұпай жинады.
Осы бағдарламада тағы бір қазақстандық спортшы Диас Тойшыбек те финалға жолдама алды. Ол 13,600 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, аталмыш бағдарлама бойынша финалдық сайыстар 17-18 мамыр аралығында өтеді.