Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 41 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған. Мәйіт Көкшетау іргесіндегі «Бірлік» шағын ауданы мен Станционный елді мекені арасындағы аумақта жатқан.
Тәртіп сақшылары марқұм кісі қолынан қаза болғанын айтып отыр. Ол қала маңындағы алтын кенішінде жұмыс істеген көрінеді.
Көп ұзамай, осы қылмысты жасады деген күдікпен бір адам ұсталды. Ол марқұмның әріптесі деген бейресми болжам айтылуда. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.