Бүгін ел аумағында аптап ыстық болады

Бүгін, 05:05 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер Қазақстанның көпеген өңірінде күн қатты ыситынын ескертті, деп хабарлайды "Казгидромет".

Алматы облысының батысында, солтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Талдықорғанда 16 мамырда күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

17 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, 17 мамырда таңертең және күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 15 мамырда күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық, 16-17 мамырда облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық. 16-17 мамырда облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, оңтүстігінде және таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында 17 мамырда оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. 16-17 мамырда күндіз 41 градус қатты ыстық. 16-17 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістанда 17 мамырда оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. 15-17 мамырда күндіз 40-42 градус қатты ыстық. 16-17 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.


Жарнама
15-17 мамырда күндіз Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

16 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

16 мамырда күндіз Ұлытау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 16 мамырда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.