Жетісу облысында өзеннен арқанмен өтпек болған жігіттің денесі табылды

15 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
ТЖД

Жетісу облысында 10 мамыр күні арқанмен өзеннен өтпек болып, құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

«Бірнеше күннен кейін, 15 мамырда, оның денесі өзеннің төменгі ағысынан, шамамен 15 шақырым жерден табылды. Мәйіт полицияға беріліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомство.

Іздеу жұмыстарына 98 адам мен 22 техника, оның ішінде ТЖД, полиция, әскерилер мен орманшылар тартылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Көксу өзенінің қарсы бетіне трос арқылы өтпек болған ер адам суға батып, жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.

 

 

Тэгтер:

Жетісу облысы Жігіт өзен әскери ағыс арқан