Соңғы кезде өзін eGov.kz қызметкері ретінде таныстырып, ресми 1414 нөмірінен хабарласатын алаяқтар көбейіп кетті. Осыған байланысты, 2025 жылғы 15 мамырда "ҰАТ" АҚ қызметкерлері азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ведомство олар сіздің жеке деректеріңіз бен телефоныңызға қол жеткізуді көздейтіндігін атап өтті.
«1414-тен келген кодты үшінші тұлғаларға хабарламаңыз. Алаяқтар сізге (WhatsApp арқылы) хабарласып, SMS арқылы келген кодты айтуыңызды сұрауы мүмкін. Бұл – сіздің сеніміңізді жаулап алу және назарды басқа жаққа аудару мақсатында жасалатын психологиялық әдіс», - делінген ақпаратта.
Не білу керек:
- 1414-тен келген SMS-код пен ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға беруге болмайды;
- Күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
- Бейтаныс адамдардың өтінішімен бөгде қосымшаларды орнатпаңыз;
- Күмәндансаңыз — 1414 байланыс орталығына қайта хабарласыңыз.