«Ұсақтап беріңізші»: Жалған купюра беріп, өзгенің шын ақшасын алып кеткен алаяқ сотталды

15 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбелік келіншек жәбірленушіге жүгініп, ақшасын ұсақтап беруді өтінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сөйтіп жалған 20 мың теңгелік купюраны беріп, оның орнына жәбірленушіден 15 мың теңге алған. Сосын кетіп қалған.  

Сот отырысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрап, шығынды өтеп бергенін мәлімдеді.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ осы уақыт аралығында 100 сағат мәжбүрлі еңбек ететін болды.

Тэгтер:

жалған ақша купюра ақша ұсақтау