Қарағандылық дзюдошы Еуропа кубогінде қола жүлдеге ие болды

15 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандылық дзюдошы Ислам Бозбаев Еуропа кубогінде қола медаль жеңіп алды. Жарыс Грузияның Гори қаласында өтті. Бұл жарыста 15 елден келген 200 спортшы бақ сынады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ислам Бозбаев барлығы төрт белдесуге қатысты. Біріншісі - грузиялық спортшыға қарсы. Судьялардың шешімімен қарағандылық палуан жеңіліп қалды. Екінші жекпе-жекте серб дзюдошысымен кездесті. Оны Ислам Бозбаев 10-0 есебімен жеңді. Келесі ұрыс әзербайжандыққа қарсы болды. Мұнда да қарағандылық 10-0 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші орын үшін біздің дзюдошы украиндықпен күресті. Онда корпустық лақтырыспен ол қарсыласын жауырынға салды.

Тэгтер:

Қарағанды дзюдо Еуропа кубок