Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне 280 млн теңге жалақы төлемеген

15 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Абай облысының прокуратурасы 809 жұмыскердің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында «Облыстық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ КМК қызметкерлері осы жылдың қаңтар айынан бастап 280 млн теңге жалақыларын алмағаны анықталды.

Бұзушылықтың себебі – Абай облысының Ветеринария басқармасы жүргізген кәсіпорынды қайта құрудың уақытылы болмауы.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде еңбекақы бойынша берешек толық өтелді. 809 қызметкердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Тэгтер:

жалақы еңбекақы берешек