Танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды

15 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Бірнеше миллион оқырманы бар ресейлік танымал блогер Гусейн Гасанов алаяқтық және қаржы жымқыру ісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол ірі көлемде қаржы жымқыру және ақшаны заңдастыру (Қылмыстық кодекстің 174-бабы, 4-бөлігі) бойынша қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді. Сот оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды.

Аталған бап бойынша ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Mash деректеріне сүйенсек, өзін «табыстың» жақтаушысы ретінде көрсететін Гасановқа қатысты іс 2025 жылдың 23 сәуірінде Чертанов сотына түскен. Сот материалды қарап, оған сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекіткен. Қазір ол іздестіріліп жатыр.

Гусейн Гасанов 2024 жылдан бері Ресейде тұрмайды, кей деректерге қарағанда, ол Әзербайжанға қоныс аударған. 2024 жылғы маусымда Мәскеу қалалық салық қызметі Гасановты сотқа берген – оның мемлекет алдындағы қарызы 145 миллион рубльге жуықтаған. Осыдан кейін оның мейрамхана бизнесі мен тағам жеткізу қызметімен айналысатын компанияларының есепшоттары бұғатталған.

Тэгтер:

блогер Халықаралық іздеу Ресей күдік Гусейн Гасанов