Тараз тұрғыны түрмеге телефон алып кірмек болған

15 мамыр, 2025 / Алуа Арман
Ұлттық ұлан

Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің біріне қысқа мерзімді кездесуге келген адам телефон алып кірмек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның алып келген сәлемдемесін тексеру барысында ылғал майлықтардың қаптамасынан 1 ұялы телефон мен 2 USB зарядтау шнуры шыққан.

Сәлемдемені сотталған азаматпен кездесуге келген тұрғын тапсыруға тырысқан.

Тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Тэгтер:

Түрме Тараз телефон