Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 07:02 / Нұрлан Әлинұр
Фото: olimpic.kz

Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Артём Антропов 102 келіге дейінгі салмақта жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша ол қоссайыс нәтижесінде 386 келіні (жұлқа көтеру – 165 кг, серпе көтеру – 221 кг) бағындырып, күміс медальға қол жеткізді.

Антропов құрлық біріншілігінде Олимпиада және әлем чемпионы, жергілікті фаворит Лю Хуаньхуаға ғана жол берді. Қытайлық спортшы 410 келі (180+230) көтеріп, чемпион атанды. Ал түркіменстандық Давранбек Хасанбаев (377 келі – 182+195) қолаға қол жеткізді.

Сонымен қатар, Антропов жұлқа көтеруде – күміс, серпе көтеруде – қола медаль иеленген болатын.

Бұған дейін Азия чемпионатынан 73 келі салмақта сынға түскен Пётр Хребтов те қола медаль алған еді. Қазақстандық ауыр атлет Ақерке Байманап (87 келі) – 14 мамырда, ал Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) 15 мамырда жарысты бастайды. Биылғы Азия чемпионатына 200-ден астам спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде 112 ер, 89 әйел атлет өз салмақтарында сынға түседі.