UFC-дің ресми сайтында октагонда еш жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Өзбекстан өкілі деп жазулы тұр, деп хабарлайды turkystan.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай орта дивизионында үшінші номерлі саналатын файтер бірнеше рет Қазақстан азаматы екенін айтқан болатын. Алайда америкалық промоушн оны ресми сайтында Өзбекстан өкілі деп жазады. UFC өкілдерінің неліктен олай жазатыны беймәлім.
Еске сала кетейік, Рахмонов жуырда әлем чемпионы Белал Мұхаммадқа қарсы титулды кездесуден бас тартқан болатын. Қазір ол алдымен денсаулығын түзеп алмақ. Ал октагонға жыл соңына қарай оралады деп жоспарлап отыр.