ҰБТ тапсырушы талапкерлерге маңызды хабарлама жасалды

14 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсыру күнінің өзгеруіне байланысты түлектерге ресми хабарлама жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Хабарламада тестілеу орталығы талапкерлерге тестілеу күні автоматты түрде өзгертілетін ескертті.

"Құрметті 23 және 24 мамыр күндері ҰБТ тапсыруға тіркелген талапкерлер!

Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді. 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады.

24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады. Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар сізге SMS-хабарлама жіберіледі. Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз!" - делінген хабарламада.

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ұлттық тестілеу орталығы (@testcenterkz)

Тэгтер:

ҰБТ хабарлама талапкер маңызды