Астаналық шабандоздар «Ұлы дала жорығы-2025» марафон-бәйгесінің жеңімпазы атанды

14 мамыр, 2025 / Дана Ізтілеуова

14 мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аяқталды.

Таңғы 7.00-де 6 команда Алматы облысы, Іле ауданы Ақши аулының маңынан жорықты жалғап, Қонаев қаласында аяқтады.

Бес күн, яғни 500 шақырым қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын иегері - Қырғыз Республикасының бірінші командасы, ал үшінші орынға Ұлытау облысы жайғасты.

500 км қорытындысы:

1 Астана қаласы 31:19:05

2 Қырғыз Республикасының бірінші командасы 32:26:57

3 Ұлытау облысы 32:37:47

4 Маңғыстау облысы 33:09:03

5 Алматы облысы 33:47:05

6 Қырғыз Республикасының екінші командасы Жарыстан шықты

7 ШҚО Жарыстан шықты

8 Атырау облысы Жарыстан шықты

9 Қостанай облысы Жарыстан шықты

10 Жетісу облысы Жарыстан шықты

11 Жамбыл облысы Жарыстан шықты

 12 Абай облысы Жарыстан шықты

13 РФ Татарстан Жарыстан шықты

14 Ақмола облысы Жарыстан шықты

15 Қарағанды облысы Жарыстан шықты

16 БҚО Жарыстан шықты

17 Мажарстан Жарыстан шықты

18 Иран Жарыстан шықты

19 Оңтүстік Африка Жарыстан шықты

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Алматы облысының аумағын қамтыды.

Қолдау көрсетушілер – «AMANAT» партиясы және Алматы облысының әкімдігі.

Тэгтер:

Ұлы дала жорығы марафон-бәйгесі Астаналық шабандоздар