Доллар тағы 4 теңгеге арзандады

14 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 506,21 теңгені құрады. Осылайша 3,63 теңгеге түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 510,06 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 510,68 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 512,69 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 12 мамырда доллар 2,3 теңгеге, 13 мамырда 3,33 теңгеге түскен болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге доллар бағамы биржа қор