Шілдеден бастап Алматыдан Ыстықкөлге әуе рейстері ашылады

14 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстандық лоукостер FlyArystan жаңа халықаралық бағыттың іске қосылғанын хабарлайды. 2025 жылғы 3 шілдеден бастап әуекомпания Алматыдан халықаралық «Ыстықкөл» әуежайына рейстер орындауын бастайды.

Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері – 31 тамызға дейін орындалады. Алматы мен Тамшы (Ыстықкөл) арасындағы әуе сапары бар болғаны 55 минутты құрайды, бұл оны ең жылдам әрі жайлы саяхат тәсіліне айналдырады. Кері бағытта ұшу ұзақтығы – бір сағат. Салыстырмалы түрде, жерүсті көлігімен бұл қашықтықты еңсеру 5-7 сағатқа дейінгі уақыт алуы мүмкін.

Бейсенбі күндері:

Жексенбі күндері:

Билеттердің бағасы бір бағытқа «Комфорт» тарифтік топтамасы бойынша 24 000 теңгеден басталады. Топтама бойынша орын таңдау мүмкіндігі, 20 кг-ға дейінгі жолжүк және 5 кг-ға дейінгі (өлшемі 56×23×36 см аспайтын) қолжүгі кіреді. Билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы, www.flyarystan.com ресми сайтынан немесе туристік агенттіктер арқылы сатып алуға болады.

Ыстықкөл көлі ерекше микроклиматы және шипалы қасиеттерімен танымал. Жаңа тікелей рейс аталған өңірге қолжетімділікті жеңілдетіп, қысқа әрі ұзақмерзімді демалыстарды барынша жайлы етеді.

Тэгтер:

Алматы Ұшақ Қырғызстан әуе рейсі Шілде Ыстықкөл