2024 жылдың тамызында Тараз қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне Kaspi.kz қосымшасы арқылы 5 мың теңге аударған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жол ережесін сақтамаған. Полиция инспекторы хаттама толтырмас үшін пара ретінде берген.
Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, жас баласы бар екенін ескеруді және айыппұл мөлшерін азайтуды сұраған.
Іс бойынша белгіленген материалдық сыйақы мөлшері 2 АЕК-тен аспайтындықтан, мұндай әрекеттер қылмыс деп танылмайды.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 550 мың теңге айыппұл салынды.