Жас жігіт ауылдасының мотоциклін ұрлап, орманға апарып тастаған

Бүгін, 15:17 / Алуа Арман
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полицейлер ұрланған мотоциклді иесіне қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бәйтерек аудандық полиция бөліміне 60 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, үйінің ауласынан Урал мотоциклінің ұрланғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер мотоциклді ауыл маңындағы орман алқабынан тауып, иесіне қайтарды.

Тергеу нәтижесінде қылмысты 22 жастағы ауылдасы жасағаны анықталды.

 Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тэгтер:

ұрлық Батыс Қазақстан мотоцикл