Қызылорда облысының Арал қаласындағы жеке тұрғын үйдің ауласындағы дәретханаға түсіп кеткен түйе құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жануар аптап ыстықтан пана іздеп барып, көрші ауладағы далада тұрған дәретхананың шұңқырына құлап кеткен.
Оқиға орнына жедел түрде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеткен.
Олар кранның көмегімен түйені абайлап шұңқырдан шығарып алған. Қорқып қалған түйе қазір аман-есен.