Астаналық блогер Араш Гасанов лифтке «мәйіт» кіргізіп, пранк жасағаны үшін көпшіліктің сынына қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Видеода жалғыз жігіт тұрған лифтке блогер мен оның достары өлген адамның рөліндегі «актерді» кіргізіп, тастап кеткенін және жарықты өшіріп тастағанын көруге болады.
Кейін шошып қалған жігіттің жанындағы «мәйіт» тіріліп кетіп, зәресін алған.
Артынша блогер мұны «пранк» деп, жігітке тіс емханасына 30 мыңдық сертификатты ұсынды. Осылайша Араш Гасанов тіс емханасының жарнамасын жасаған.
«Бұл қойылым ғана. Бәрі ойластырылған және қайталауға болмайды», – деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары блогерді қатты сынап, жас баланың жүрегі жырылып кетуі мүмкін екенін жазды.
«Осы пранк деген бәле болды. Мына баланың жүрегінде ақау болса не болады? Пранк деп адам өлтіресіңдер ме? Адамның зәресін ұшырып берген ақшаларың құрысын», «бұлай болмайды, жүрегі ауыратын болса ше», «мынау не масқара, баланың жүрегі тайды ғой», «қорыққаннан жүрегі тоқтап қалса қайтер едің», деген пікірлер қалдырған.