Оңтүстік Корея ғалымдарының зерттеуі көрсеткендей, аптасына 52 сағаттан артық жұмыс істеу адам миына айтарлықтай кері әсерін тигізеді, деп хабарлайды turkystan.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Тым көп жұмыс істеу «ойдың тұмандануына», эмоциялық күйзелістерге және когнитивтік қабілеттердің төмендеуіне әкеледі. МРТ нәтижелері бойынша, еңбекқор адамдардың эмоциялар, өзін-өзі бақылау және жоспарлау сияқты маңызды қызметтерге жауап беретін ми аймақтарының көлемі 19%-ға артқан.
Бірақ бұл даму емес, шамадан тыс жүктеменің белгісі. Мұндай жағдайда ми шектен тыс жұмыс істеп, зейін қою қабілеті төмендеп, өзін басқару қиындай түседі.
Мамандар жұмыс пен демалыстың тепе-теңдігін сақтау қажеттігін ескертеді.