Бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі Ертістен табылды

Бүгін, 12:03 / Алуа Арман
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар облысының құтқарушылары 13 мамырда Ертістен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 12 сәуірде Тереңкөл ауданының Береговое ауылының маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша Ертіс жағасында бір топ адам демалып жатқан. Бір уақытта арасынан бір ер адам тұрып, суға секіріп, сол күйі қайтып шықпаған.

Бір ай өткеннен кейін денесі Железинка ауылынан 8 шақырым жерден табылды. Туысқандары марқұмды таныған.

Тэгтер:

Павлодар Ертіс суға түсу