Абай облысында ұлттық парк қызметкерлері жалған дипломмен жұмысқа тұрған

Бүгін, 10:53 / Алуа Арман
istockphoto.com

Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді.

Тэгтер:

жалған диплом ұлттық парк Тарбағатай диплом сатып алу