15 мамыр күні сағат 20:00-де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді. Әнші премьераға орай челлендж жариялаған болатын. Димаш осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына сыйлық бермек.
Димаш Құдайбергеннің туған інісі Әбілмансұр да челленджге қосылатынын, алайда конкурсқа қатыспайтынын айтты.
"Бәріңізге сәлем! Бейнебаянның шығуына және ағамның «Тау ішінде» атты челленджіне орай креативті бейнебаян түсіруді жөн көрдім. Бірден айтайын: мен конкурсқа қатыспаймын🙌🏻 Видео көңілдеріңізді көтеру үшін, сондай-ақ юмор аралас шабыттың (немесе қысым шығар, кім білсін 😀) нәтижесінде пайда болды. Сондықтан тым қатты сынай көрмеңіздер, әзілмен бағалаңыздар!", – делінген жазбада.