Паралимпиада жүлдегері Ақмарал Науатбек әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Бүгін, 10:10 / Інжу Әлихан

Астанада пара дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионаты финалында Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша (52 келі) ширек финалда сүрінді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 1/4 финалда Қырғызстан өкілі Айбике Ұланбекқызымен белдесіп, ереже бұзғаны үшін жеңіс қарсыласқа берілді.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек 2024 жылы Паралимпиада ойындарында чемпион атанған. Ал 2022 жылы әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

 

Тэгтер:

әлем чемпионаты Ақмарал Науатбек Олимпиада жүлдегері