Павлодар облысында заңсыз балық аулағандар жауапқа тартылды

Бүгін, 10:07 / Алуа Арман
polisia.kz

Павлодар облысында уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулағандар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір балықтардың уылдырық шашатын кезеңі. Бұл уақытта балық аулауға тыйым салынған.  Полиция қызметкерлері Ақсу қаласы Сарышығанақ ауылының маңында, Ертіс өзенінде балық аулаған Павлодар облысының тұрғынын ұстады.

— Ер адам балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, — дейді Павлодар облысы ПД.

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінің басынан бастап Павлодар облысының полицейлері 51 бұзушылықты анықтады.

Полицейлер су биоресурстары мен балық шаруашылығы маңызы бар су объектілерін қорғау және сақтау саласындағы бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Уылдырық шашу" ЖПШ осы жылдың 30 мамырына дейін жалғасатынын еске салады.

Тэгтер:

Балық аулау уылдырық