Парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза әлем чемпионы атанды

Бүгін, 09:19 / Інжу Әлихан
KAZ PARA JUDO

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

J2 санатындағы 81 келі салмақта ерекше жайт тіркеліп, қос отандасымыз Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.

3 минут 11 секундқа жалғасқан тартысты белдесуде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппонға түсірді.

Айта кетейік, жерлестеріміз үшін бұл спорттық мансаптарындағы алғашқы жүлде.

Тэгтер:

әлем чемпионы Парадзюдо Бексұлтан Құлмырза