«Тып-тыныш отырдым»: Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясоваға қатысты ренішін білдірді

13 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы

Әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Майра Ілиясова екеуінің арасында орын алған жағымсыз жағдай туралы айтып өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Azattyq Rýhy сайты Майра Ілиясованың Меруерт Түсіпбаеваға негізсіз ауыр сөз айтып, жеке басына тиіскені туралы жазған.

«Бұл тақырыпқа байланысты менің де айтарым бар, халқым. Семіз емеспін, орынсыз әзілмен көзге түспеймін, сахнаға мас күйде шыққан емеспін. Ең бастысы – арыма да, киіміме де кір жұқтырған жоқпын. Бірақ, менің де ар-намысым бар. Тілге тиек етер жайт – өткен жазда, “Әлібидің адвокаттары” мен халықтан жиналған қаражатқа байланысты шу шыққан тұста Майра апай “Астарлы ақиқат” бағдарламасында мені албасты деп атады. Мәдениет деген осы ма?!» – деді әнші.

Оның сөзінше, аталған бағдарлама өмірден ерте озған Мадина Ералиеваға арналған соң, ол түсірілім барысында сабыр сақтауға тырысқан.

«Бағдарлама марқұм Мадина Ералиева әпкемізге арналған соң, оның рухын құрметтеп, соңына дейін тыныш отырдым. Ешқандай жауап қайтарған жоқпын. Алайда көңілім қалды. Түсірілім аяқталған соң, Асхат Садырбайға: “Кеше Майра апай келмейді деп едің ғой” деп өкпе айттым», – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Тэгтер:

Мәдениет тіл адвокат Меруерт Түсіпбаева сөз Майра Ілиясова албасты әнгі