Юлия Путинцева Италияда өтіп жатқан ірі турнирдің екінші айналымына өтті

13 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фото: ҰОК

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Юлия Путинцева Италияның Парма қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық олмипиада комитетінің хабарлауынша, бірінші айналымда ол жапониялық Эна Шибахарамен кездескен.

Кездесу үш сетке созылды. Путинцева матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Юлияның 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Тэгтер:

Қала Турнир теннис Италия Юлия Путинцева