Алматыда заң бұзған 15 шетел азаматы ұсталды

13 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Алматы ПД

Алмат қаласы Түрксіб ауданында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматы анықталды.

Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиевтің сөзінше, шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған. Көші-қон режимін бұзушылар Полиция департаментінің қабылдап-таратуына орналастырылды. 

«Қазір полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануды ұйымдастырған жұмыс берушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Біздің басты міндетіміз - заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіп төндіреді. Рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады», – дейді Думан Аухадиев.

Тэгтер:

Алматы шетел азаматы еңбек мигрант