Әлеуметтік желіде марқұмды ақтық сапарға ақша шашып, шығарып салған видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz.
Видео авторы әжесінің 103 жасқа келіп, қайтыс болғанын жазған.
«103 жасқа келіп, біз де осылай абыроймен кетуді бұйырсын», – деді автор.
Көпшіліктің пікірі екіге бөлініп, бірі аталған жағдайды «бұрыннан бар дәстүр» десе, бірі «қазаның аты – қаза» десті.
«Беташар болып жатыр екен деп ойлап қалдым ғой», «103 жасқа келсе де, адам өлімі болып жатыр ғой. Ақша шашып не көрінді?!», «Той ғой, бәрімізге бұйырсын», «Ел есінен ауысайын деген екен», – деп жазд олар.