Доллар бағасы 510 теңгеге түсті

13 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағамы 510,06 теңгені құрады. Осылайша бір күнде 3,33 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 513 теңгеден, бір еуро 574 теңгеден, бір рубль 6,35 теңгеден сатылып жатыр.

Лондонның ІСЕ биржасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 65,3 долларды құрады.

Айта кетейік, кеше доллар бағасы 2,3 теңгеге арзандаған болатын.

Тэгтер:

Доллар теңге биржа