Шығыс Қазақстанда екі адамнан бруцеллез ауруы анықталды

13 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында бруцеллёзге шалдыққан екі адам тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz сайты qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта науқастар медициналық мекемеге жатқызылды, ал олармен байланыста болған 12 адам дәрігерлердің бақылауына алынды.

Бруцеллёз — малдан адамға жұғатын қауіпті жұқпалы ауру. Биыл облыста Марқакөлмен қатар Зайсан және Үлкен Нарын аудандарында да осы дерттің ошақтары анықталған.

Былтыр өңірде 36 адам бруцеллёзге шалдыққан. Індеттің алдын алу мақсатында малдарға жаппай вакцина егу жұмыстары басталды.

Облысқа 5 миллион доза арнайы вакцина және диагностикалық тест жеткізілген.

Бұл шараларға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Тэгтер:

дерт ауру Шығыс Қазақстан бруцеллез