«Алтын сағат таққан»: Қарақат Әбілдина Мақпал Жүнісова туралы айтты

13 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина халық әртісі Мақпал Жүнісова туралы естелігін бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол өнердегі апасының берген қымбат сыйлығы жайлы айтты.

«Әлі есімде… . Домбырамды арқалап, үлкен сахнаға имене шыққан кезде Заманбек ағамыз бен Мақпал апамның ықыласын көрдім.

Оқу аяқтап диплом алған жыл еді. Қыдекең екеуміздің кішкентай шаңырағымызға үлкен бастарын иіп Зәкең мен Мақпал апамыз, көзі тірі Мадина Ералиева апамыз құтты болсын айтып келген еді. Сол кезде Мақпал апам қолыма алтын сағатын тағып, “менің жолымды берсін!” деп батасын бергені бар. Ең алғашқы алтын сағатымды Мақпал апамнан алған баға жетпес сыйлық ретінде әлі сақтап келем», – деді әнші.

Тэгтер:

алтын Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов сағат Қарақат Әбілдина