Астанада пара дзюдодан әлем чемпионаты басталды

Бүгін, 12:06 / Алуа Арман
Қазақстан Пара Дзюдо федерациясы

Бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында IBSA Judo World Championships Astana 2025 пара дзюдодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында J1 -46 кг, J2 -46 кг, J1 -52 кг, J2 -52 кг, J2 -60 кг, ал ерлер арасында J1 -64 кг, J1 -70 кг, J2 -70 кг, J1 -81 кг және J2 -81 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері өтуде.

Чемпионаттың ашылу салтанаты бүгін, 13 мамырда, сағат 16:30-ға жоспарланған. Одан кейін финалдық белдесулер мен марапаттау рәсімі 17:00-де басталады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 13–15 мамыр аралығында өтеді. Бұл – төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын және 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына лицензиялық ұпай беретін маңызды халықаралық турнир.

Үш күнге созылатын жарысқа 40 елден 350-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Паралимпиада ойындарының 15 чемпионы мен жүлдегерлері бар.

Қазақстан ұлттық құрамасының намысын бұл жарыста тәжірибелі спортшылар — Ақмарал Науатбек, Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Жұрқамырза Шүкірбеков және басқа да дзюдошылар қорғайды. 

Чемпионат бағдарламасы:

13 мамыр

– 09:00–16:00 – іріктеу белдесулері

– 17:00–20:00 – финалдық белдесулер

14 мамыр

– 10:00–13:30 – іріктеу белдесулері

– 15:00–18:00 - финалдық белдесулер

15 мамыр

– 10:00-15:30 басталуы – іріктеу және финалдық белдесулері.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Парадзюдо