Таеквондошы Жантөре Сағынғали әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

13 мамыр, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Таеквондодан Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші алтын медальмен толықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жантөре Сағынғали финалда украиналық спортшы Максим Шудженконы жеңді.

Сондай-ақ жарыстың үшінші күні Қазақстан екі қола медаль жеңіп алды: жүлдегер атанғандар — Алла Цой (47 келіге дейін) мен Аида Ғожалымова (51 келіге дейін).

Еске сала кетейік, бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Хамзаальпер Ромашкин әлем чемпионы атанған болатын.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Жасөспірім алтын медаль Жантөре Сағынғали таеквандо