Көпірде дәрет сындырған азамат қамалды

Бүгін, 11:17 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана – Қосшы тас жолындағы көпірде кіші дәрет сындырған азамат ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 5 мамыр күні болған. Полиция қызметкерлері оны Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазба негізінде тіркеген.

Сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Сот оны қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Тэгтер:

көпір дәрет сындыру