Алаяқ 70 адамды алдап, Вьетнамға 17 млн теңгеге билет сатқан

13 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астанада алаяқтың кесірінен 70-тен астам азамат Вьетнамға демалысқа бара алмай қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың туристік жолдамалары жойылып, жәбірленушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған.

Кінәлі тұлға әуе билеттерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынып, клиенттеріне оларды арнайы байланыс арқылы сатып алатынына сендірген. Алайда, ол шынайы билеттердің орнына жалған маршруттық түбіртектерді берген. Туристер әуе билеттерге тапсырыс жоқ екенін ұшар алдында, әуежайда бір-ақ білген.

Зардап шеккендер арасында ересектер де, балалар да бар. Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асты. Адамдар тек ақшаларынан ғана емес, көптен күткен демалыстарынан да айырылды – төленген қонақүйлер, экскурсиялар және басқа да шығындар өтелмеген.

Алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Тэгтер:

Алаяқ билет Вьетнам алдау