LRT ақшасын ұрлаған Талғат Ардан ұсталды

Бүгін, 10:06 / Алуа Арман
Ғаламтор

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы, халықаралық іздеу салынған Талғат Ардан ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Олар Түркияның Әділет министрлігіне Қазақстан азаматын беру туралы сұрау жіберген.

Нәтижесінде биылғы 9 мамырда Анталия қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол қамауда.

Қазақстанның құзырлы органдары оны Қазақстанға қайтару бойынша қажетті құқықтық шараларды бастады.

Оның қайда жүргенін биыл, жыл басында ҚР ҰҚК қызметкерлері анықтаған болатын. Содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары оны ұстаған.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған.

Тэгтер:

LRT Талғат Ардан ЛРТ